ГККП "Ясли-сад № 11 "Гауһар"
акимата города Астана
010000, г. Астана, пр Абая, 17

Совет от психолога

Нейрожаттығулардың пайдасы

Ми жаттығуларының түрлі атаулары бар. Ми гимнастикасы, нейрогимнастика, нейрожаттығу және кинезилогиялық  жаттығулар деп атауға болады. Ми жаттығулары тек қана миға емес, басқада органдарға оң әсер  етеді. Негізі  кинезиологиялық ғалымдардың айтуынша жаттығуды күнде жасаған дұрыс. Жаттығуды 2 жастан асқан  балаларға жасатып бастайсыз.

Оны неден бастайсыз? Алдымен саусақ, қолмен, аяқпен айтылатын тақпақтарды, ертегілерді айтқызып үйретеміз.  Әбден жаттыққан соң 4 жастан бастап, барлық жаттығуларды оң қолмен  жасауды үйретеміз, кейін  сол қолмен,  екі қолын жаттықтырып алғаннан кейін екі қолмен қатар жасайсыз. Миды дамытуға арналған жаттығуларды үздіксіз орындау арқылы ойлау, есте сақтау қабілетін, зейінің дамытамыз, шығармашылық қабілетін  ашамыз.

Ми дұрыс даму үшін екі жарты шарды дамыту маңызды. Кейбір адамдардаң сол жақ жартышары басымдылық танытса, кейбір  адамдарда оң жақ жартышары басымдылық танытады. Екі жартышардың байланысын белсендіру әдістерінің бірі –екі қолмен сурет салу. Бұл жерде салынған суреттің маңыздылығы емес, тапсырманың жаңа болу деңгейі маңызды. Себебі ми жартышарларының арасында байланыс орнату барысында баланың оқу қабілеті жоғарылайды, яғни білім алу айтарлықтай жеңіл және эфективті болады.

Сол жақ ми бөлігі сөйлеуге, логикаға, сандарға, анализ жасауға, оқуға, жазуға, дененің оң жағына, себеп-салдар байланысын орнатуға, жалпылауға, уақыт шамасына жауап береді.

Сол шақ жартышарды қалай дамытамыз?

  • Страгиялық ойындар ( үстел ойындары)
  • Ребустар, жұмбақтар,сөзжұмбақтар
  • Математикалық тапсырмалар
  • Оқу және жазу
  • Уақытты стрелкасы бар сағат бойынша үйрету.

Ал оң жақ ми фантазияға, дыбыстарды қабылдау (жан-жануарлар, құстардың дыбыстары, көше немесе үй дыбыстары), интонацияға, символдар мен бейнелер, эмоциямен байланыс, бет әлпет пен түсті қабылдау, шығармашылық, толық қанды бейнелер (суреттер), яғни бөлшектеп емес, арманға, өлшемге, көрген түстерге, музыкаға жауап береді.

Оны дамыту үшін не істейміз?

  • Тыңдауға үйретеміз, яғни айналадағы дыбыстарға назар аудартамыз, кейін сөйлеуіне ықпал етеді.
  • Музыка тыңдаймыз.
  • Заттардың құрылымын зерттейміз(ұстап көреміз, иіскейміз, дәмін көреміз)аттарын атап, пассивті сөз қорына қосамыз.
  • Картиналарды қарап, зерттейміз.
  • Көп қимылдаймыз (секіреміз, жүгіреміз, еңбектейміз)өз денемізді зерттейміз.

Ми  жаттығуларын жасауда қандай шарттарды орындау қажет?

  • Жаттығуды таңертең жүргізген жөн.
  • Нәтиже болу үшін күнделікті жасау.
  • Жаттығу жасайтын жер жайлы болу керек.
  • Жаттығу мен қимылдарды нақты орындалуын қадағалау қажет.
  • Жаттығуды тұрып немесе үстелде отырып жасау керек.
  • Жаттығуды жасау ұзақтығы баланың жасына сәйкес (күніне 5-10 мин бастап 20-35 мин дейін).

Кинезиологиялық  жаттығулар баланың ми сыңарларын, ұсақ моторикасын, ес, зейін, ойлау, тілін, яғни барлық таным процестерін дамытады. Ми сыңарларының өзара әрекеттесуін кешенді кинезиологиялық жаттығулар арқылы жетілдіруге болады.

Кешендірілген жаттығулар мынадан тұрады:

*СОЗЫЛУ ЖАТТЫҒУЛАР

*ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАР

*КӨЗ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

*ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

*РЕЛАКСАЦИЯ

* ҰСАҚ МОТОРИКА

Созылу жаттығулары-шамадан тыс бұлшық еттің ширығуымен босаңсуының гипертонусын реттейді.

Тыныс алу жаттығулары – ағзаның жүйелігін жақсартады. Адам өзін-өзі бақылауын, өзіне деген сенімділігін жетілдіреді.

Көз жаттығулары – көз қарасты кеңейтіп, қабылдауларды жақсартуға мүмкіндік береді.Бір жаққа немесе әртүрлі мақсаттағы қозғалыс тілді жетілдіріп және  ағзадағы күшті жоғарлатады.

Дене жаттығулары – ми сыңарлары өзара әректтесіп, еріксіз қозғалыстар бұлшық еттің қатаюына себебін тигізеді. Демек, адамға ойды бекіту үшін қозғалыс қажет.

Релаксация – босаңсытуға және шаршағанды басады.

Ұсақ моторика – саусақ қозғалысы арқылы баланың тілін дамытады.

Кинезиология – нақты қозғалыс жаттығулары көмегімен ақыл – ой қабілетін дамытатын ғылым. Осы жаттығулар арқасында жаңа нейронды желілер жасауға мүмкіндік бар және ақыл – ой дамуының негізі болып келетін ми шарты шарлары арасындағы қатынасты жақсартуға болады.

Сабақ барысында өзім практикада қолданып жүрген келесі жаттығуларды ұсынамыз.

 «Сақина»

Қолдардың  саусақтары кезекпен және мүмкіндігінше тез, сынақ дәйекті түрде басбармаққа, сұқ саусаққа және әрі қарай жалғаса береді.

Тура  және кері ретте орындалады. Жаттығу бастапқыда бөлек әрбір қолмен

орындалады, содан соң бірге орындалады.

«Лезгинка»

Сол  жақ жұдырығын түйіңіз, бас бармақта жұмбай-ақ қойыңыз.

Жұмған саусақтарды ашып, оң қол  алақанымен горизонталды бағытта

беттестіріңіз. Енді оң қол мен сол қол жаттығуын алмастыра жасау.

Осы жаттығуды 6-8 рет қайталау. Және жылдамдықты үдете түсу.

 «Құлақ-мұрын»

Мұрынның ұшын  сол қолмен ұста, оң қолмен қарама- қарсы құлақты ұста.Құлақ пен мұрынды бір уақытта жіберіп, алақанды соғу.

Қолдардың жағдайын керісінше алмастырыңыз да дәлдікпен қайталаңыз.

«Жұдырық – алақан»

 

Екі қолда үстел үстіне не тізеге төмен қаратып қояды, бір қолды жұдырықтап жұмады. Бір мезгілде жұдырықты ашады, ал екінші қолын жұдырықтап жұмады. Осылай бірнеше рет ауыстырады. Қозғалысты жылдамырақ жасауға болады, бірақ ашып – жұму барысы дұрыс орындалуы керек.

Міне бізде – алақан, міне бізде – жұдырық!

Тез ашамыз – жұмамыз.

Тез ашамыз – жұмамыз.

«Құймақ»

Оң қолының алақанын төмен қаратып тізеге қояды, ал сол қолының алақанын жоғары қаратып екінші тізеге қояды. Бір уақытта позициясын ауыстыру керек: оң қолының алақанын жоғары, ал сол қолынын алақанын төмен қаратып қояды. Жаттығу жасау барысына сәйкес қозғалыс ырғағын жылдамдатуға болады.

Алақанмен ойнаймыз

Құймақ жасап береміз.

Аударамыз құймақты

Аударамыз құймақты

Ойнап ойнап аламыз.

«Саусақтарымыз амандасады»

Барлық саусақтарды кезектесіп бас бармаққа тигізеді. Әр буында әр саусақты бас бармаққа тигізеді:

1 – 2, 1 – 3, 1 – 4, 1 – 5, 1 – 4, 1 – 3, 1 – 2. Кейін қолдарын ауыстырады.

Шыбын – шіркей, қоңызды,

Іздейді кеп торғайлар.

(Қол ауыстырады).

Шөп арасын қарады,

Ағашты да қарады.

«Жұдырық –қабырға– алақан»

Балаға  қолдың үш жағдайын жазық үстел үстінде көрсетеді. Бір-бірінен айырмашылығы ашқанда алақан, жұмғанда жұдырық, қырынан қабырға болып қалатынын ажыратады. Бала педагогпен бірге сынақты орындайды да, 8-10 рет қайталағаннан кейін, бала  есте сақтау қабілеті бойынша өзі істейді, егер қиналып жатса ауызша немесе қолмен ымдап көмектесуге болады.

Түзету -дамыту жұмысында доппен ойындар ойнауға болады. Ежелгі заманнан доппен ойындар тиімді екені белгілі. Мұндай ойындар әлем халықтарының барлығында кездеседі. Оған кез келген допты алуға болады.

*Пластмассадан жасалған

*Резеңкеден жасалған

*Үрмелі

*Папье – машеден және су-джок т.б.

Нәтижесінде

-Доппен ойнаған кезде бала тіл кемшілігіне көңіл бөлмей қарым – қатынасқа бейімді болады.

– Оқу қызметінде бір қалыпты отырудан босатады.

– Түзете- дамытуда оқу қызметінің түрлерін түрлендіруге көмектеседі.

– Жалпы және ұсақ моториканы, кеңістікте бейімделуін дамытады.

– Тілдің просодиялық құрамын дамытуға бағытталған жұмыстарға көмектеседі.

– Қозғалыс күші мен нақтылығын реттейді.

-Доппен арналған ойындар гипербелсенді балалардың эмоционалды – күш сферасын дамытады және ретке келтіреді.

– Бұлшық ет күшін дамытады, зат алмасуды жақсартады және негізгі мүшелердің жұмысын жақсартады.

Доптың көмегімен ұсақ моторика мен дене арқылы сезінуге арналған арнайы құралдар дайындауға болады.

  1. «Түрлі – түсті шарлар» – қол саусақтарымен шариктерді жоғары – төмен айналдырып домалату.
  2. «Жаңбыр» – шариктерді домалату.
  3. «Парашютистер» – дауысты дыбыспен шариктерді домалату.
  4. «Жүзеді, жүреді, шабады» – арнайы жолдармен шариктерді домалату.

 

Екі қолмен сурет салу                                 

Сол жақ                                   Оң жақ  

Миға  арналған гимнастика – бұл дислексияның пайда болуын болдырмауға, яғни оқу дағдыларын бұзылуын алдын алады.

Тәжірибие көрсеткендей, сабақ барысында бұл жаттығуларды қолдану оң нәтиже беруде. Зерттеулерге сүйенсек, 80 елдің тәжірибесі көрсеткендей, ми гимнастикасынан қозғалыс жаттығулары қолданылған мектептерде балалардың көрсеткіштері жақсарды. Олар оңай әрі қуанышпен үйрене бастады. Стресс деңгейі төмендеді.

Осы жаттығулардың нәтижесінде бала:

  • мидың екі жарты шарлары арасында байланыс түзеді.
  • ақыл-ой белсенділігі, есте сақтау қабілеті жақсарады.
  • оқу және жазу процестері жеңілдейді.
  • қол мен көзді үйлестіру жақсарады.
  • кеңістіктегі ойлау жақсарады.

Педагог-психолог: Күдер Г.С.

АНА МЕН БАЛА АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС: ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

           

Адам баласының тұлға болып қалыптасуы үшін ана мен бала арасындағы байланыстың маңызы зор. Бұл жазбамызда ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы мамандардың кеңестерін бөлісеміз.

Ана мен баланың жақын болуының маңызы қандай?

 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «жақындық теориясы» деген ұғым пайда болды. Сол жылдары британдық психиатр және психоаналитик Джон Боулби балалар үйінде жұмыс істеген еді. Ол балалардың жататын орны, ішетін асы болса да, ем-домы жасалса да, әрі қарай мүлдем дамымағанын, керісінше, көбісінің қайтыс болып жатқанын байқаған. Осылайша Боулби бұл құбылыстың себебін іздей бастады. Кейінірек оның жұмысын Мэри Эйнсворт жалғастырады. Бұл тақырыптағы зерттеулер бойынша әлемнің әр түкпірінде бірнеше рет тәжірибе жүргізілді. Түптеп келгенде әрбір балаға әке мен ананың мейірімі керек екені белгілі болды. Нәрестенің ағзасы даму барысында ақуыздар мен майларды қажет етеді. Ал мидың әлеуметтік функцияларға жауапты аймақтарын нығайту үшін оған ананың жылуы керек. Мәселен, құшақтау жаңа туған нәресте миының дамуына ықпал етеді. Ана баланың жөргегін ауыстырып, тамақтандырып, көтеріп жүрген кезде осындай функцияны орындайды. Сол арқылы бала әлемді мейірімге толы, қауіпсіз орта ретінде қабылдауды үйренеді.

Баланың даму кезеңдері қандай?

Мамандар баланың дамитын уақытын былай бөліп қарастырады:

1 жасқа дейінгі кезең. Бұл кезеңде ана баласын көбірек құшақтауы керек.

 

1-3 жас аралығы. Осы уақыт аралығында бала өте белсенді болады. Ана бұл кезеңде қоршаған ортаны тануға көмектеседі.

Мектепке дейінгі кезең: 3-7 жас аралығы. Бұл кезеңде баланың қызығушылығы арта түседі. Кез келген ана баласының бойындағы қабілетті осы жас аралығында байқайды.

7-11 жас аралығы. Бұл кезеңде баланың балалығы болады. Мектепке, айналадағы адамдарға үйренісу үшін ананың рөлі маңызды.

Жасөсіпірім шақ: 12-15 жас аралығы. Бұл өтпелі кезеңнің өз қиындықтары да жоқ емес. Сондықтан да аналарға артылатын жауапкершілік те үлкен. Баланың көңіл-күйі, болашақ мамандығын таңдауы, эмоционалдық байланыс орнатуы осы кезеңде болады. Ана мен бала денесінің жанасуы нәрестедегі дофамин, серотонин секілді адамға қуаныш сыйлайтын гормондарды бөледі. Келли Мак-Дэниел "В поиске материнской любви" кітабында баланы неғұрлым көбірек құшақтаған сайын оның миы махаббат пен бақытты сәттерді көбірек қабылдайтынын жазған. Нәресте өмірінің алғашқы он сегіз айындағы сенсорлық нейрондар анамен байланыс арқылы дамиды. Ананың қамқорлығы баланың бас миының оң жақ жарты шарының дамуына ықпал етеді. Мидың бұл бөлігі болашақта ақыл-ой, түсіну, жанашырлық сынды қабілеттердің дұрыс болуына әсер ететінін естен шығармаған жөн. Дэвид Геффен атындағы UCLA Медицина мектебінің тұлғааралық неврология профессоры, доктор Аллан Шор бұл құбылысты "сезім тәуелділігі" деп атайды. Бұл ана махаббатымен байланысты, соның негізінде ми адамдарға толығымен сенеді немесе мүлдем сенбейді. Балада ойлау және логикамен байланысты мидың когнитивтік функцияларға жауап беретін аймағы дамымайынша, нәресте мен ананың бір ғана миы бар деп айтуға болады. Баланың анасымен немесе басқа қамқоршысымен физикалық жақындығы және жұмсақ қарым-қатынасы мидың дұрыс дамуына ықпал етеді.

Мидың жарты шарлары бірге жұмыс істегей бастағанда эмоцияны басқару жеңілдей түседі. Бұл дағдылар баланы кішкентай кезінде қаншалықты қорғап, жақсы қарым-қатынас орнатқан кезде дұрыс қалыптасады. Әлбетте бұл тұрғыда аналарды нәресте миының бас сәулетшісі деуге толық негіз бар.

         Баламен қарым-қатынасты қалай орнату керек?

Балаңызды күн сайын құшақтаңыз. Өйткені олар ата-аналарымен физикалық байланыста болған кезде өздерін қауіпсіз сезінеді. Ерте жастағы баланың ата-анамен жақсы қарым-қатынасы болашақта өзін-өзі бағалауға, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, физикалық және психикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

Балаңызбен жиі ойнаңыз. Ойнап отырып, балалық шаққа саяхат жасаңыз. Балаңыздың тілін табу үшін онымен бірге құрастырмалы ойыншықтарды жинаңыз, түрлі ойын ойлап табыңыз. Балаңызбен бірге күліңіз. Ата-ананың тәрбиесі әркез салмақты болуы міндетті емес. Әдетте күлген сәттер керемет естелігімен есте қалады. Сонымен қатар сізге де, балаңызға да алаңдап жүрген мәселелердің шешімін оңай табуға көмектеседі.

Балаңызбен жеке отырып сөйлесуге уақыт бөліңіз. Жұмыс кестесі қауырт болса да, балаңызбен бір сәт әңгімелесуге күн сайын уақыт арнаңыз. Оның қажеттіліктері туралы сөйлесуге, сүйіспеншілігіңізді көрсетуге, онымен ойнауға және бірлесе әрекет етуге мүмкіндік беріңіз.

Балаңыздың шашын тараңыз. Бұл баламен қарым-қатынасыңызды нығайту үшін жақсы әдіс болып саналады. Әлбетте мұндай әрекет жасөспірімдерге ұнамауы мүмкін, бірақ мектеп жасына дейінгі балалар анасының жақын болғанын жақсы көреді.

Балаңызбен бірге сабақ оқыңыз, үй тапсырмасын орындаңыз.

  

 

 

  

  Ана мен баланың арасын қандай әрекеттер алшақтатады?

 

Физикалық және эмоционалдық зорлық-зомбылық. Кейбір ата-ана (әдетте ішімдік ішетін немесе басқа да зиянды заттарға тәуелді адамдар) балаға физикалық зорлық-зомбылық көрсетеді. Әсіресе, баланы тым қатты сынау немесе оған айғайлау эмоционалдық түрде зиянын тигізбей қоймайды.

Қолдау білдіре алмау. Ата-ана баланы материалдық, эмоционалдық, әлеуметтік және рухани жағынан қолдауы керек. Осы қажеттіліктердің ең болмағанда біреуі болмаса, баланың ата-анаға деген құрметі жоғалады. Ол ережелерді бұзады және жақындарынан гөрі басқа адамдарға көбірек сенуі де ғажап емес.

Баламен қарым-қатынастың болмауы. Ана мен бала арасында толыққанды байланыстың болмауы баланы да, ата-ананы да ренжітеді. Әдетте бұл баланың тіл алмауынан, ата-ананың баланы түсінбеуінен туындап жатады. Бұл олардың арасындағы эмоционалдық байланысты бұзады және екі тараптың да ашу-ызасын оятуы мүмкін.

Тәуелділік. Кейде баланың ата-анасымен қарым-қатынасы тәуелділікке апарады. Мысалы, бала ата-анасына қамқорлық жасауға мәжбүр болады. Әсіресе олардың біреуі ауыр науқас немесе мүгедек болған кезде балаға тым ауыр тиеді. Осылайша бала ата-анасының эмоционалдық жағдайына, отбасылық мәселелерді шешуге, тіпті үй шаруасына жауап береді. Мұндай жағдайларда балалар ата-анасының қажеттілгін бірінші орынға қоюы

мүмкін. Болашақта олар басқа адамдармен қарым-қатынас орнатқан кезде тәуелді болады.

Сенімсіздік. Егер бала қайта-қайта қателессе, жаман мінез-құлық танытса, ата-ана оған деген сенімін жоғалтады. Егер ата-аналар жоғалған сенімді қалпына келтіргісі келсе, олар балаға сенім артуға болатынын дәлелдеуге мүмкіндік беруі керек.

 

 

  Ата-ана баласымен дұрыс және берік қарым-қатынас орнату үшін не істей алады?

 Терапевт Пейдж Дорн мынадай кеңес            береді:

  • Балаға шынайы сүйіспеншілігіңізді көрсетіңіз. Оған қарап күлімдеуді әдетке айналдырыңыз.
  • "Мен сені жақсы көремін!" - деп жиі айтыңыз. Бұл сөзді балаңыз неше жаста болса да, қайталап айтудан жалықпаңыз.
  • Баланың жеке шекарасын қалыптастыруына көмектесіңіз.Бала өсіп келе жатқан кезде оған ненің дұрыс, бұрыс екенін айту маңызды. Алайда тым қатал болу дұрыс емес.
  • Тыңдай біліңіз, жанашырлық танытыңыз. Қарым-қатынас тыңдаудан басталады. Балаңыздың сезіміне назар аударыңыз, оны түсінетіндігіңізді білдіріңіз және оған не қажет болса да, көмектесуге дайын екеніңізге сендіріңіз.
  • Кез келген дүниені балаңыздың көзқарасымен көруге тырысыңыз. Балаңызды тыңдап, оған жанашырлық таныту арқылы сіз өзара сыйластықты дамыта бастайсыз.
  • Отбасы мүшелерімен бірге тамақтану кезінде смартфон ұстамауға дағдыланыңыз. Балалармен жақсы әңгіме айтуға тырысыңыз.
  • Отбасылық рәсімдер жасауды үрдіске айналдырыңыз. Мысалы, бірге фильм қараңыз, табиғат аясына шығыңыз.
  • Ал көпбалалы отбасы болсаңыз, әр балаңызға аз болса да, жеке уақыт арнаған жөн. Сол кезде олардың әрқайсысы өзін бағалы, тұлға ретінде сезінеді.
  • Бала тәрбиесі жауапкершілікті, мейірім мен махаббатты қажет етеді. Баланың тұлға болып қалыптасуы үшін ең алдымен бала мен ана арасында жақсы байланыстың болғаны маңызды.

Рисунок1.jpg

Рисунок2.jpg

Для родителей будущего первоклассника

© Copyright 2024.