Астана қаласы әкімдігінің
"№ 11 "Гауһар" балабақшасы" мкқк
010000, Астана қ., Абай даңғылы,17

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Unable to display PDF file. Download instead.


Кеңес

Дөңгелек үстел: Келіңіз  танысайық.
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, жаттығу.

Барысы:
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата - ана.

«Танысу» жаттығуы.
Әрбір ата - ана өз есімін айтып, есімінің бірінші әрпіне өзінің бойындағы үш қасиетін айтады. Мысалы менің есімім Айгул - ақылды, арманшыл, адамгершілігім мол. Шеңбер бойымен дөңгелек үстелге  қатысушылар өздерін таныстырып өтеді.
Осы аталып кеткен бойларыңыздағы қасиеттеріңізді естеріңізден шығармауларыңызды сұраймын.

«Қызықты сұрақтар» жаттығуы.
Сіздерге допты беру арқылы сұрақтар қоямын. Соларға жауап берулеріңізді сұраймын.
- Балаңыздың туған күні?
- Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
- Балаңыздың сүйікті асы?
- Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
- Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

«Жалпылау» жаттығуы.
Қимыл - қозғалыс арқылы жауап беру.
- «иә» десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз.
- «жоқ» десеңіздер - аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата - ана бірдей ықпал жасай ма?
- егер «жанұя» десеңіздер жымиыңыз.
- егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолды алдымызға созамыз.
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.
- егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз.
- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

«Ормандағы нөсер» жаттығуы.
Қанекей барлығымыз тығыз шеңбер бойына тұрамыз. Өздеріңізді орманда қалып қойдық деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн шуағын шашып тұр, өте ыстық қапырық. Кенет жеңіл самал жел тұрды. Алдарыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызды тигізіңіз де, жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел үдей түсті - арқаға түскен қысымды күшейтеміз. Дауыл басталды арқаға қолды шеңбер бойымен дөңгелете жүргіземіз. Сосын ұсақ жауын басталды - жеңіл соққылар. Кенеттен нөсер басталды - саусақтармен жоғары - төмен қозғалыстар жасау. Найзағай жарқылдады - барлық саусақпен қатты соққылар жасаймыз. Тағыда нөсер, дауыл, қатты жел. Нөсер біртіндеп басыла бастайды. Табиғат толық тынышталды. Қайтадан жарқырап күн шықты.
Ата - ана көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт – арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.
Ендеше, ата - аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық.

Бала ағзасын шынықтыру

 

Балаңыздың денінің саулығы өз қолыңызда. Жаз мезгілі бала денсаулығын шынықтыруға ең қолайлы кез.

Үй жағдайында баланы шынықтырудың бірнеше жолдары бар.

 Күн қуатымен шынығу- баланың бойының өсуін және сауығуының ең тиімді тәсілі. Рахит ауруымен күресте кеңінен қолданылып жүрген шынығу тәсілі болып табылады. Көру мүшесі арқылы ағзаға өту арқылы күннің көзі нерв жүйесін оятады. Ал, нерв жүйесі өз кезегінде ағзаның  барлық жүйесінің жағдайын реттеп, сергектігін қамтамасыз етеді; биоритмді реттейді, зат алмасу процесін белсендіреді. Жоғары биологиялық белсенділікке ие ультракүлгін сәулесі тері арқылы өтіп, адам ағзасын қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұру күшін күшейтеді.Иммунитетті күшейтеді, қоршаған ортадан адам ағзасына түсетін бактериалардан қорғаныш күшін күшейтеді, ауыруға шалдығу қаупін төмендетеді. 

Ауамен шынығу -  балаларға да, ересектерге де пайдалы ауа ваннасынан бастаған дұрыс.

Ауамен шыныққан баланың ағзасы салқын ауаның ұзақ әсеріне беріктігін

жоғарлатады.

Су бүркемесі –өзіне температуралық және механикалық әсерді біріктіретін шынықтырғыш ем-шара.

Су бүркемесі ағзаны жақсы сергітеді, сондықтан да оны таңертеңгі және кешкі

уақытта, сонымен қатар дене жаттығуларынан кейін жүргізген дұрыс

Баланы шынықтырар болсаңыз:

- Шынықтыру шаралары балалардың көңілді күлкісін шақырса және оған жағымды эмоция сыйлай алса оның тигізетін әсері өте тиімді болады

- Еліктеуге үлгі болыңыз. 

- Үйде баланы шынықтыруды тек балаңыздың дені сау болған жағдайда ғана

бастаңыз.

- Сауықтыру-шынықтыру шараларының ұзақтығын біртіндеп көбейтіңіз.

- Баланың денесінің тоңып қалмауын қадағалаңыз.

- Сауықтыру-шынықтыру шаралары жүйелі жүргізілінуі қажет. Жеке гигиена –денсаулықты қолдауға көмектесетін, сондай-ақ адамды аурулардан, қартаю мен өлімнен сақтайтын ережелер жинағы. Жеке гигиена деп аталатын гигиена ғылымының бөлімі, бұл өзінің терісі, тістері, жыныс мүшелері мен тұрмыста қолданылатын заттарды ұстау туралы ережелер. Жеке гигиена міндетті түрде дұрыс тамақтану, күн тәртібі, психикалық жағдайға да жанасады.

Егер сіз пайдалы тамақ ішсеңіз, спортпен шұғылдансаңыз және тіпті суық су құйынсаңыз, бұл ағзаның жалпы жағдайын жақсартады, иммунитетті көтереді, өмірді ұзартады.

Тазалық- денсаулық кепілі

Жеке гигиена – бұл жалпы адамзат мәдениетінің ажырамас бөлігі. Жеке гигиенаның ережелерін саналы сақтау әрқайсымызды жануарлардан айырады.

Жеке гигиенаның ең маңызды постулаттарының бірі теріні күту болып табылады. Мұны тек тартымды сыртқы түр үшін ғана емес, денсаулық үшін де  жасау керек. Жеке тұтынатын заттар: Сүлгі, тіс щеткасы, тарақ, жөке, сабын,орамал.

Денсаулықты сақтау өз қолымызда , оның үшін не істеуіміз кажет болады?

- дұрыс тамақтануың керек.

- тазалықты сақтай білуің керек.

- дене шынықтыру мен күнделікті айналысуың керек.

- тісімізді таза ұстауымыз керек.

Ұйықтауға арналған төсек орынның ыңғайлы және таза болуы, аса жұмсақ немесе аса қатты болмауы керек. Ұйықтар алдында таза ауада серуендеу, терезені немесе терезе желдеткішін ашық етіп ұйықтау пайдалы. Дұрыс тамақтану: Ең алғашында тамақтануға отырмасымыздан алдын қолымызды жақсылап сабындап жууымыз керек. Бір күнде аз мөлшерде 4 рет тамақтану керек. Тамақтанудың арасы 4-5 сағаттан аспағаны жөн.Таңертең көбірек сүт, айран, жұмыртқа жеу керек. Өте тәтті заттарды көп жегенде бізге өте кері әсер тигізеді.

Егер тамақтану ережесін ұзақ уақыт сақтамасаң, біз тез ауырып қалуымыз мүмкін.

Қолды күніне бірнеше рет жууымыз қажет Шашты аптасына бip рет жуып, тазартады. Адам өзінің тepiciнe қарай сабын мен сұйық сабынды таңдап қолдануы қажет. Ол үшін шаштың қандай (құрғақ, майлы) екенін білу керек. Шаштың өcyi үшін, бастың тepiciн уқалау пайдалы.

Шашты дер кезінде шаштаразға алдырып немесе сәнді қиғызып жүру сыпайылықтың, мәдениеттіліктің белгісі болып саналады.

Шашты жаңбыр және қар суымен жууға болмайды, ceбeбi олардың құрамында ауаның ластануына байланысты шаң-тозаң, түрлі қышқылдар болады.

Тырнақты апта сайын немесе екі аптада бip рет алып отыру керек. Мұны

моншаға түскеннен соң жасаған қолайлы. Өйткені тырнақ; жұмсарып, алуға ыңғайлы болады. Тырнақты кeмipyгe болмайды. Мұндай әдет зиянды,

өйткені тырнақ дұрыс өспейді және организмге алуан түрлі микробтар ұялағыш болады. Шаш та үнемі күтімді қажет етеді. Шашты апта сайын (күн

сайын емес) жылы қайнатылған сумен сабын көбігінде немесе ылайықты шампуньмен жуу ұсынылады. Күніне бірнеше рет жиі тарақпен тарау да пайдалы. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.

Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

Ауыз қуысының ауруларының алдын алуда ауыз қуысы гигиенасының құралдарын дұрыс таңдау ғана емес, сонымен бірге, тісті дұрыс тазарту да маңызды роль атқарады. Сондықтан, балалар және жасөспірімдер үшін жеке тіс щеткалары шығарылады. Қызыл иектердің қабынуы кезінде, алдымен жұмсақтау қылды щетканы пайдалану керек, кейін, қызыл иектің жағдайы жақсарғанда, жұмсақ тіс щеткасын қаттырақ түріне алмастырады.

Балаларға қатты щеткалар жарамсыз болып табылады.....

Қорыта келе: мәдени-гигиеналық дағдылар дұрыс жолға қойылса бала қолды дұрыс жууға, құрғатып сүртуге, өз бетімен сүлгісі алып, қайта ілуге, таза және ұқыпты тамақтануға қасық, кесе, сүлгіні дұрыс және орынды қолдануға және тамақтану кезінде аузын жауып жеуге үйренеді. Өздігімен киіну және шешіну дағдыларын қалыптастырады.

Өздігімен мұрнын сүрту, қолының, бетінің салақтығын, киіміндегі олқылықты

байқауы, серуеннен келген соң аяқты сүрту, кіре беріс жерге аяқ киімін шешу,

ретке келтіріп ұстау-еденде жатқан затты жоғары көтеріп қою, ойнап болған соң ойыншықты орнына жинау қалыптасады.

Бала дамуындағы отбасының ықпалы

 

Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше, үй ішінің, үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау – ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала – әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Шәкәрім атамыздың «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» дегеніндей, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру – шынында да оның туған кезінен басталса керек. Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.  Отбасы барлық уақытта да өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың отбасынбағы тәрбиесі белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтану жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым.

Балаларды қоғамдық ортаға бейімдеу

Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейірімді болса кез келген ортаға тез ақ үйреніп кетеді. Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Ол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл – ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.

Өзге ортаға барғанда  баланың өзін еркін сезінуіне қажетті машықтарынан басқа, оның ұжымға араласуға психологиялық дайындығы да аса маңызды. Баланың көңілін, ашық, жылтыр заттар өзіне аударады. Мысалы: сабын көпіршіктері, шарлар. Эмоция балалардың өмірінде маңызды роль атқарады. Оларды шындықты ұғындыруға және дұрыс қарым – қатынас құруға көмектеседі. Баланың кез келген ортаға  бейімделуі оның жағдайы мен көңіл- күйінің тұрақтануы болып табылады. Балалар жаңа ережелерге, бір – бірімен сыйластыққа үйренеді. Ең бастысы, ата – ана баланың қоғамдық ортаға бейімделуіне өз ықыласы бар екенін түсінуі тиіс.

Балалар, кез келген қоғамдық орындарда, аялдама, саябақтар, демалыс орындарында өздерін қауіпсіз сезінуі тиіс. Осы қауіпсіздікті ата- аналар қамтамасыз етуі керек. Бала үнемі назарда болуы тиіс.

Балаға көшеде жүру ережелері, бағдаршам, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау секілді кеңестерді үнемі беріп, сонымен қатар ата- ана үлгі ретінде өздері көрсетуі тиіс.

Балалармен рөлдік ойындар ойнау арқылы оларға қоғамдық орындарда өзін- өзі ұстау туралы білім беруге болады.

1. Баланың кейбір заттың ерекше қолдануын тапқан жағдайлары болды ма?

2. Өзінің икемділігін өзгерте ме?

3. Елестеткен заттарды суретке бейнелеп салуды жақсы көре ме?

4. Абстрактты суреттер салу жақсы көре ме?

5. Фантастикалық оқиғаларды жақсы көре ме?

6. Өлең немесе әңгіме шығара ма?

7. Қағаздан қызықты фигураларды қиюды жақсы көре ме?

8. Өмірде жоқ немесе білмейтін бір нәрсені істейді ме?

9. Өзінің талғамына қарай бір нәрсені басқаша қылып істеген кездері болды ма?

10. Қараңғыда қорқа ма?

11. Өзі ойлап бір сөз құрастырғаны болды ма?

12. Бұл сөз талқылаусыз түсінікті деп санаған жағдайлар болды ма?

13. Өзінің ойынша жиһазды орынынан ауыстырып көрген жағдайлар болды ма?

14. Бұл ойы сәтті болды ма?

15. Бір нәрсені орынсыз қолданған кездері болды ма?

16. Кішкентай болған кезде сіздің балаңыздың әртүрлі заттарды орынсыз қолданған жағдайлар болды ма?

17. Киімді таңдағанда сіздің талғамыңыздан гөрі өзінікін қалай ма?

18. Айналадағыларға көрінбейтін өзінің жеке әлемі бар ма?

19. Әлі де түсінбейтініне түсініктеме іздей ме?

20. Айналада қоршаған құбылыстарды түсіндіруді сұрай ма?

21. Суреттері жоқ кітап оқуды жақсы көре ме?

22. Өзінің ойындары мен сауықтыруларын бейнелей ме?

23. Өзі көрген түстері мен басынан кешкен оқиғаларды есіне сақтап, әңгімелей ме?

«Иә» деген жауаптарға 1 балл, «Жоқ» - 0 балл қойыңыздар.

Нәтижелері:

20-дан - 23 баллға дейін – бала өте тапқыр, айналада қоршаған ортаға айтар өзінің пікірі бар, оған осы жөнінде көмектесу қажет.

15 - 19 балл - өзінің қабілетін кейде байқамай қалады, ол тапқыр, ойлағыш егер оны қызықтырса.

9 - 14 балл білімнің көп саласында жеткілікті ойлайды, егер өзінің пікірі қажет болмаған жағдайда. Бірақ та, шығармашылық іс - әрекетпен айналысу үшін көп нәрсе жетпейді.

4 - 8 балл – балаңыз тәжірибелік іс - әрекетке бейім, ойлау шығармашылығын өзіне маңызды жетістікте қана көрсетеді.

4 - төмен – балаға шығармашылық жетіспейді, бірақ, күрделі мамандық болса да, ол табысқа жақсы орындаушы ретінде жетеді.

Балалардың қабілеттілігін анықтау жолдары

Адамдардың кішкентай кезінен бастап, белгілі бір жетістікке жетуді армандауы қалыпты жағдай. Алдына қойған мақсатына қол жеткізу барысында адамдар өзінің бойындағы туа біткен және жүре қалыптасқан қабілеттерін пайдаланады. Адамдардың бойындағы ерекше қабілеті, оны басқаларға қарағанда оқшауландырып тұрады. Бұл қабілет сырын ашу әлі күнге дейін жұмбақ секілді. Мұнымыз не — сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па? Дарындылық дегеніміз не? Дарынды балаларды қалай анықтау керек және олармен қалай жұмыс жасау керек? — деген сияқты сұрақтар қазіргі ұстаздар ұжымын қатты толғандыратын мәселелердің бірі болып отыр. Осы сұрақтарға жауап табу мақсатында педагогикалық энциклопедияға жүгінсек, онда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық — іс — әрекеттің белгілі бір саласында ерекше бір жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адамның қабілетті дамуының жоғарғы дәрежесі».

Дарынды балалар қандай? — деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің арасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі.

Дарынды баланы қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н. С. Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берген болатын.

Бірінші категория — ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған балалар.

Екінші категория — жеке бір іс-әрекет түрімен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.

Үшінші категория — дарындылық күш-қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Ой-өріс қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға мектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өз қатарластарын басып озады. Олардың ақыл-ойының кемеңгерлігі сонша — оларды байқамау мүмкін емес. Мұндай балалар 3-4 жастан оқуды, жазуды, сызуды үйренеді де, өсе келе белгілі бір ғылым түрлерімен шұғылданады. Олардың қызығушылығы ауысып отырғанымен, ақыл-ойға салмақ салатын пәндерге деген талпынысы төмендемейді.

Бала дарындылығының байқалмайтын жағдайлары да кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады.

Балалардың бойында белгілі бір қабілеттердің жарқын көрінісі, ой-өріс деңгейінің жалпы көрінуімен, дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласына бейімделуімен сипатталады.

Үшінші категорияға жататын балалар жалпы дамуы жағынан өз қатарларының алдына шықпайды. Бірақ ақыл — ойының өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді.

© Copyright 2024.

Please publish modules in offcanvas position.