|
МКҚК №11 «Гауһар» балабақшасы астананың орталығында орналасқан
Астана қаласының №11 «Гауһар» балабақшасы – бұл балалардың үлкендермен бірге еңбектеніп өмір сүретін кішкене әлемі. Осы балабақшада балалар тәрбие, білім алып өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін іске асырады. Бұл жерде әр бүлдіршіннің күнделікті өмірі қуанышты да есте қалатындай болуы үшін жағдай жасалған. Осы әлемнің тұрғындары – 2 жастан 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндер, өз ісін сүйетін балабақшаның қызметкерлері олардың мейірімді, бірақ үнемі асығып жүретін ата –аналарының орнын басады. Меңгеруші Әділбекова Гүлмира Амангелдіқызы басқарған балабақшаның барлық педагогтарын бірғана мақсат көздеген: баланы түсіну, өз-өзімен болуына, өзін жеке тұлға ретінде сезінуіне көмектесу. Балалармен жұмыс жасауда педагогтар жаңа әдістеме және бағдарламаның арқасында тиімді интеллектуалдық, адамгершілік, эстетикалық дамуына қол жеткізуді енгізуде. Баланың психикалық және физикалық денсаулығы үшін біздің балабақшадағы ұйымдастырылған ортада ең жақсы жағдайлар жасалады. Даму және оқыту үшін жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдануда, бұл жерде тәрбиеленушілерді әріқарай мектепте оқуларына ғана дайын болмай, сонымен қатар өмірдің жаңа жағдайларына әлеуметтік бейімделулеріне үйретеді. Барлық педагогтар мен тәрбиешілер - жұмысқа қабылдаудың алдында конкурстық іріктеуден өткен және жоғары білім алған, ең бастысы балаларды жақсы көретін кәсіби деңгейді көтеретін, өз істеріне шебер, білікті мамандар. Балалармен жұмыс істеуде инновациялық технологиялар мен әдістерді, балалардың психологиясы мен педагогикасын терең білуі педагогтарға нақты бір жетістіктерге жетуге көмектеседі. Педагогикалық ұжым жұмысының негізгі нәтижелік көрсеткіштері олардың тәрбиеленушілерінің жетістіктері болып табылады.Біздің балабақшаның балалары үнемі жалпы қалалық жарыстарға қатысады: «Жол қозғалысы Ережелері бойынша Брейн –ринг» атты қалалық жарыста, «Жұлдызды жол» атты қалалық интеллектуалды олимпиадада, қазіргі заманғы көрнекі көркем -өнер мұражайында және балалар суреті жарыстарында, музыкалық жарыстарда қатысқан дипломдар мен көптеген жеңістердің наградалары бар. Балабақшаның түлектерінің 83% қаланың лицейларында және гимназияларында оқиды; 90% -үздік және жақсы оқиды. Бұл жерде әр балаға жеке қарым –қөатынас болғандықтан балалар өз тәрбиешілерін жақсы көреді. Ал олардың ата –аналары педагогикалық ұжымға сенгендіктен бүлдіршіндерін күнсайынәкеліп отырады. Астананың орталығында кішігірім, жайлы №11 «Гауһар» балабақшасы орналасқан. Балалар балабақшаны бітіргеннен кейін физикалық денсаулық және білм алып мектепке кетеді. Өкінішке орай біздің астанамызда балабақшалар жетіспегендіктен, мектепке дейінгі балалардың көбісі балабақшаға келе алмайды. Сондықтан осындай балалардың мектепке бейімделуі қиынға соғады. Қазіргі таңда біздің үкімет, президент Н.А.Назарбаев басшылығымен осы сұраққа көп көңіл бөлуде. Сондықтан қосымша балабақшалар салынуда және қысқа мерзімді шағын орталықтар ашылуда, онда балалар мектеп алды дайындықтан өтіп білім алады. Біздің №11 «Гауһар» балабақшамыздың ішінде қысқа мерзімді шағын орталық ашылды. Шағын орталық 2010 жылдың қаңтарында ҚР Премьер –Министрі К.Масимовпен ашылған болатын. Шағын орталық 120 балаға (6топ) шақталған.Онда балалар 2 ауысыммен 4 сағаттық уақытқа келеді. Екі тілде қазақ және орыс тілдерінде сабақтар жүргізіледі. Шағын орталықтың ең басты мақсаты балаларды мектепке даярлау, ол үшін бұл жерде барлық жағдай жасалған деуге болады. Топтардағы құралдар, интеллектуалды және дамуға арналған ойындар мен ойыншықтар балалардың білім алуларына көмектеседі. Шағын орталықта қазақ тілі, ағылшын тілі, математика, бейнелеу, денешынықтыру сабақтары өткізіледі. Денешынықтыру бөлмесі балалардың спортпен айналысуы үшін спортқа арналған ойыншықтармен, доптармен, велотренажермен, жүгіру жолымен, жұмсақ модульдермен жабдықталған. Музыка және хореография сабақтары үшін музыка бөлмесі бар, онда мерекелер мен ойын сауықтар өткізіледі. Балалар сабақтан босаған уақыттарында ойын бөлмесінде ойнайды.Ойын бөлмесі түрлі ойыншықтармен жабдықталған. Тәрбиешілер балалармен әртүрлі ойын түрлерін ұымдастырады, ертегілер оқиды, қозғалыс ойындарды, ертеңгіліктер мен ойын сауықтар өткізумен айналысады. Балалар қазақ тілі және ағылшын тілдерін, әдемі қозғалуды, билеуді, ән айтуды, математика, сауат ашу сабақтарын үйренеді. Осылайша шағын орталықта балалардың алған білімдері мектепке баруларына көмектеседі. |